Алматы облысы Панфилов ауданының 19 жастағы тұрғыны түнде жалғызбасты әйелдің пәтеріне кіріп, пышақпен қорқытып, ақшасы мен бағалы заттарын тонап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған қоса қаскөй оның телефонын иемденіп, мобильді қосымша арқылы оның банк шотындағы ақшасын шешіп алған.
"Бұл туралы жәбірленуші бірден полицияға хабарлады. Дереу тергеу-жедел тобы құрылып, шабуыл жасаған адамды анықтады және ұстады. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (қарақшылық) бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.