Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
25 шілде күні сағат 22:05-те Қобда көшесі, 6 мекенжайы бойынша 101 пультіне өрт туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері дереу жіберілген.
"Өрт сөндірушілер келген кезде бір қабатты үйлер, екі қабатты ангардың шатыры жанып, газ құю бекетінде газдың алаудай жанып жатқаны анықталды", — делінген хабарламада.
Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылған. Жедел жәрдем станциясының алдын ала мәліметі бойынша, зардап шеккен төрт адам бар.
"Өрт сөндірушілер өртті сағат 00:05-те ауыздықтады", — деді қалалық ТЖД.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер санын көбейтіп, өртті жою жұмыстарын жүргізуде.