26.07.2022, 12:00

Өңір әкімдері туралы тың мәліметтер жарияланды

Фото: sputnik.kz
Биыл 21 шілдедегі жағдай бойынша өңір әкімдерінің орташа жасы 52,2 жасты құрап отыр.

Қазақстанда әкімдердің орташа жасы есептелді. Бұл туралы Ranking талдау агенттігі жариялады.

Биыл 21 шілдедегі жағдай бойынша өңір әкімдерінің орташа жасы 52,2 жасты құрап отыр.

Жасы ең үлкен әкім Шығыс Қазақстан облысын басқарады, ол Даниал Ахметов. Әкім 68,1 жаста. Ол облысты жеті жыл және жеті ай (ең ұзақ мерзім) басқарады. Өңір басшысы қызметіне 60 жасында тағайындалған.

Одан кейін жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59,6 жас) және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58,7 жас).

Ең жас өңір әкімі – Мұрат Әйтенов (40,7 жас), республикалық маңызы бар Шымкент қаласын басқарады. Ол бұл қызметке 38 жасында келді, қаланы екі жарым жыл басқарды.

Сондай-ақ жас әкімдердің арасында Атырау облысының басшысы Серік Шәпкенов (43 жас) пен елорда әкімі Алтай Көлгінов (44,5 жас) бар.

Ең қысқа жұмыс мерзімі – жаңа құрылған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиевте: небәрі 20 күн.

Тегтер: ақпарат әкім