26.07.2022, 20:16

Министрлік өкілдері тексеруге келіп, тамақтанып қайтты (ФОТО)

Фото: ашық дереккөз
Шымкенттегі Денсаулық сақтау саласында елордадан келген басшылық сапарына қатысты дау-дамай өршіп тұр.

Шымкенттегі Денсаулық сақтау саласында елордадан келген басшылық сапарына қатысты дау-дамай өршіп тұр, деп жазады Skifnews.kz @kozachkow телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Тексеріске келген басшылықты бірден қымбат мейрамханада қонақ еткен деген сыбыс бар, тіпті мейрамхананың шоты мен фотосуреттері мессенджерлерге белсенді түрде таратылып жатыр.

Осы жерде логикалық сұрақ туындайды, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері тексеруге келген адамдармен тамақтана ала ма?», деп жазады ол.