$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде жасөспірімдердің самокатпен жүруіне тыйым салынады

Жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс биылдан қалмай енгізіледі.
Фото: ашықдереккөзден
Фото: ашықдереккөзден

Елімізде 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс биылдан қалмай енгізіледі. Жаңа талапқа сай электросамокат иелері қозғалыс құралына жарықтандырғыш орнатуы міндеттеледі. Бұған дейін аталған көлік түріне арналған ереже бекітілген болатын.

Электросамокатпен тек бір адам жүруі қажет және қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Самокат