Қазақстанда бірқатар өңірге жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысымен келісе отырып, бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жаңадан тағайындалған прокурорлар:
Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.
Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады. Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды. Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды. Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды. Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды. Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.Сондай-ақ, бас көлік прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов болды.