$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан неге коронавирусқа қарсы дәрі сатып алмайды?

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова нәтиже бір ай ішінде шығатынын айтады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қазақстан неге коронавирусқа қарсы сертификатталған дәрілерді сатып алмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігі "Паксловид" (Paxlovid) сияқты коронавирусқа қарсы сертификатталған дәріні сатып алуды жоспарлап отыр ма?" – деп сұрады журналист брифингте.

"Иә, қазір клиникалық хаттамаларды әзірлеушілер бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әлемде коронавирусты емдеу үшін қолданылатын бірқатар дәрі-дәрмек бар екенін анықтап, зерттеп жатырмыз. Бірақ бұл препараттар зерттеудің барлық кезеңінен өткен жоқ. Бірқатар елдер жағдайға байланысты дәрі-дәрмектерді шұғыл қолдану бойынша ұсыныстар береді. Қазір клиникалық хаттаманы әзірлеушілер белсенді жұмыс істеп жатыр. Жақын арада нәтижелерді жариялаймыз", - деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, нәтиже бір ай ішінде шығады.

Еске салайық, 2021 жылға наурызда америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы COVID-19-ды емдеуге арналған вирусқа қарсы Paxlovid препаратын адамдарға сынақтан өткізуді бастады. Pfizer мәліметінше, алдын ала клиникаға дейінгі тестілеу препараттың SARS-CoV-2, сондай-ақ басқа коронавирустарға қарсы өте күшті белсенділігін көрсетті.

2021 жылғы қарашада Pfizer "Паксловид" клиникалық сынақтарда жақсы нәтижелер көрсеткенін жариялады. Енді бұл COVID-19 инфекциясын емдеу үшін FDA мақұлдаған алғашқы пероралды дәрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары