Отандық фермерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа ашық хат жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан фермерлері қауымдастығының ел билігінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын қосуды өтінді.
Қауысдастық басшысының айтуынша, күзге дейін жұмыс істейтін бағдарламаның болмауы сапалы өнімнің жоғалуы қаупіне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
«Елде егін жинау науқаны тамыз айының бірінші жартысында басталады, алайда өткен жылдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында өзін жақсы көрсете білген ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берудің қолданыстағы бағдарламалары бойынша қаражаттың болмауына байланысты бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникасын жаппай жаңарту мүмкін емес», - деп атап өтті Жигули Дайрабаев қауымдастықтың Facebook-тегі ресми парақшасында.
Дайрабаевтың дерегінше, ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректері бойынша ғана 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы паркі 147,7 мың трактор мен 38,1 мың комбайнды құрайды. Бұл ретте техниканың тозу деңгейі 80%-ға дейін жеткен.
«Мәселенің маңыздылығын және егін жинау кезеңінің жақындап келе жатқандығына байланысты қысылтаяң мерзімдерді ескере отырып, Сіздің жәрдеміңізді, атап айтқанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на бастапқы жарнасыз, сыйақы мөлшерлемесі 3%-ға дейін, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен қаржыландыру көлемі 50 миллиард теңге болатын ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу бағдарламасын іске қосу туралы тиісті тапсырмалар беруді сұраймыз», - деді Ж. Дайрабаев.
Аталмыш шарттармен отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу тетігін жедел іске қосу фермерлерге осы жылғы егін жинау науқанына қысқа мерзімде 1000 бірліктен астам трактор мен комбайн паркін жаңартуға мүмкіндік бермек.