Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясы сөніп, соның салдарынан алау жанды. Атырау мұнай өңдеу зауыты қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, электр желілерін басқару жөніндегі «KEGOC» компаниясы электр энегриясын өшіріп тастаған.
«KEGOC» АҚ электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастады. Соның салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты болмады. Осыған байланысты зауыт жұмысы авариялық жағдайда тоқтатылды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша, зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады. «KEGOC» АҚ-ның электр беруді тоқтатуы жоспардан тыс болып отыр. Бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді. Ақаулықтарды жою нәтижесі туралы қосымша хабарланады», - деп ақпарат таратты зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.