Павлодар облысының полиция қызметкерлері Алматы қаласында ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына берген арызында арам сатқындықпен аяқталған махаббат оқиғасын толықтай сипаттап беруге мәжбүр болды.
Сөзінше, 25 жастағы жігіт жылы сөздерімен, уәделерімен қызды баурап алған. Оның жиналған қаражаты барын білген ол өз кәсібін ашқысы келетінін айтқан.
"Біз біргеміз, бұл табысты отбасылық бизнес болады", – деп уәде берді жас жігіт.
Тұрмысқа шығамын деп шабыттанған бойжеткен оған төрт ай бойы ақша беріп отырған, өз атына екі рет несие алған. Үлкен ақшаға қол жеткізген ер адам ғайып болған. Жігітінің алаяқ болып шыққанын түсінген бойжеткен полицияға шағымданған.
Ер адамға тағайындалған жаза бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектелуі, не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сондай-ақ мүлкі тәркіленеді.