28.07.2022, 17:00

АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Өткен жұмада басталған өрт 18 мың гектар аумақты шарпыған.

Калифорниядағы Йосемити ұлттық паркіне жақын орналасқан Марипоса округіне қатер төнген. Өткен жұмада басталған өрт 18 мың гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Округ тұрғындары екі аптаның ішінде осымен үшінші рет көшуге мәжбүр болды. Қазір өрт сөндірушілер барын салып жатыр. Тіпті орманның көлік өте алмайтын аумағында отты жаяу жүріп өшірген.