$ 494.87  520.65  4.91

«Сәулет саласын оған мүлде қатысы жоқ азаматтар басқарып отыр» – Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі

Сол себепті жаңадан салынатын нысандарды тұрғындар үшін қолайлы ету мәселесі әлі шешімін таппай келеді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Бүгінде сәулет саласын оған мүлде қатысы жоқ азаматтар басқарып отыр. Мұндай пікірді Қазақстанның құрметті сәулетшісі Арқынжан Мәметов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, біздің елімізде Сәулет және қала құрылысы басқармаларын құрылысқа, жалпы бұл салаға мүлде қатысы жоқ адамдар басқарып отыр. Сол себепті жаңадан салынатын нысандарды тұрғындар үшін қолайлы ету мәселесі әлі шешімін таппай келеді. Бұл бағыттағы кәсіби ұйымдастырушылықтың жетіспеуі - қалалар мен елді мекендердің инфраструктурасын дамытуға кедергі болып отыр. Кәсіби мамандар жасаған архитектуралық жоспарлар іс жүзінде басқаша орындалады. Құрылысты нақты жүргізетін кәсіпорындар жоспардың жартысынан көбін қысқартып тастайды. Нәтижесінде мектеп, аурухана, жаяу жүргіншілерге арналған жол сияқты қажетті әлеуметтік нысандар жетіспейді», - деп мәселелерді атады Арқынжан Мәметов.

Сондай-ақ, брифинг барысында сәулетші Алексей Абилов сәулетшілердің мәртебесі төмендеп кеткенін айтты.

«Бүгінде сәулетшілердің мәртебесі төмендеп барады. Сәулетші – үйдің қасбеттерін әрлейтін, оның дизайнын жасайтын адам емес. Ол шын мәнінде қала, облыс немесе ауылдың болашағын қалыптастыратын маман. Мәселен, ежелгі Мысырда сәулетші – перғауыннан кейінгі лауазымда болған. Ал, қазір бұл саланы көшеден келген мамандар басқарып жүр», - деп тоқталды Алексей Абилов.

Сонымен қатар, сәулетші қаланың бас жоспарына бағынбаған құрылыс компанияларын жазалауды ұсынды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары