Алматы полицейлері "Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын" деп ақша алған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Экспресс К.
27 жастағы күдікті жұртты интернет желісі арқылы алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналастыруға және жұмыс визасын алуға көмектесетінін айтып жалған хабарландыру жазған. Бірақ ол ақшаны алғаннан кейін ізін суытып отырған.
Алаяқ алматылықтардан 2 миллион теңге алған. Оның құрығына бірнеше адам түскен.
"Аталған дерек бойынша ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес қылмыс жасады деген күдікпен алматы тұрғыны ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды", — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.