Қазақстандық «Қызыл-Жар» командасы Еурокубокқа алғаш рет қатсып отыр, деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі матчта «Қызыл-Жар» хорватиялық «Осиек» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.
Қазақстандық команда сапында голдарды Георгий Иваниадзе (62-минут) пен Мусса Коне (71-ші) соқты.
Сондай-ақ, петропавлдық команданың үшінші іріктеу кезеңде кіммен ойнайтыны белгілі болды. «Қызыл-Жар» екі ойынның қорытындысы бойынша болгариялық «Ботевты» жеңген АПОЭЛ-мен кездеседі.
«Қызыл-Жар» мен АПОЭЛ арасындағы алғашқы ойын 4 тамызда Кипрде, қарымта кездесу 11 тамыз күні Қазақстанда өтеді.
Бұған дейін қазақстандық «Астана» мен «Қайрат» UEFA Конференция лигасынан шығып қалған болатын.