$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай агрокомпаниясы заңсыз 96 млн теңге субсидия алған

Сот "Агропром Тrade 2030" ЖШС директорын кінәлі деп таныды.

Қостанай облысында "Агропром Тrade 2030" ЖШС директоры бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 96 млн теңге көлемінде заңсыз субсидия алған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ЖШС директоры 2021 жылдың ақпан айында ауыл шаруашылығы өндірушілерімен субсидияланатын картоп тұқымын сатып алу-сату шарттарын жасасқан. Осы шарттардың негізінде Қостанай облысының ауыл шаруашылығы басқармасына картоп тұқымын сатып алу кезіндегі шығындарды өтеуге "Агропром Тrade 2030" субсидиясын төлеу туралы өтпелі өтінімдер берілген.

"Іс жүзінде бұл ауылшаруашылық тауар өндірушілері "Агропром Тrade 2030" ЖШС-де картоп тұқымын ешқашан сатып алмағаны және картоп өсірумен айналыспағаны анықталды. Сонымен қатар, кейбір ЖШС жұмыс істемей тұрған шаруашылықтар, ал шаруа қожалықтары тек бидай жинаумен ғана айналысады", - деді қаржы мониторингі агенттігінде.

Тергеу барысында анықталғандай, ЖШС өкілдері ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) ұсынғаны және сатып алу-сату шарттарын бекіткені үшін фермерлерге түрлі сомада сыйақы беруге уәде берген. Субсидияны алғаннан кейін бір ғана шаруа қожалығының басшысы 1,5 млн теңге көлемінде сыйақы алды.

2021 жылдың маусым және шілде айларында аталған актілер бойынша мемлекетке 96 млн теңге көлемінде жалпы анықталған залалмен бес қылмыстық іс қозғалды.

"Сот "Агропром Тrade 2030" ЖШС директорын кінәлі деп таныды. Коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшы лауазымын атқару және материалдық жауапты қызметтерге қатысты іспен айналысу құқығынан алты жыл мерзімге айыра отырып, оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды", - деп нақтылады АФМ-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары