$ 448.15  483.46  4.86

Мәскеуде оқыған қазақ қызы диплом алу рәсіміне ұлттық киіммен барған

Бейнежазбадан оның сахнаға ұлттық көйлек пен басына сәукеле тағып шыққанын көруге болады.

Ресейде білім алған қазақ қызы диплом алу шарасына өзге түлектерден ерекше образбен келді, деп хабарлайды Экспресс К.

Қолына диплом алған жас маман салтанатты шараның видеосын ТікТок парақшасында жариялады. Бойжеткен Мәскеуде өтетін диплом алу рәсіміне қандай киім киіп баратыны туралы ұзақ ойланғанын жазған.

Бейнежазбадан оның сахнаға ұлттық көйлек пен басына сәукеле тағып шыққанын көруге болады. Жас қыздың бұл образы залда отырғандарды да таң қалдырғанын байқауға болады. Бәрі ду қол шапалақтайды.

Видеоны көрген желі қолданушылары қазақ қызының бұл шешіміне риза болып, оны өз елінің патриотына балады.

"Қазақтың тәрбиелі қызы екенін дәлелді", "Жарайсың", "Тамаша, міне нағыз патриоттық", "Өте керемет, әдемі", "Мықты, өзгелерден ерекше болып тұрсың", "Жақсы идея екен", "Алға, Қазақстан", "Мен көрген ең сұлу жан", "Менің мұндай киім киіп шығуға батылым жетпес еді", "Сәттілік" деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары