$ 494.87  520.65  4.91

«Жұмысын тоқтатамыз»: Министр «Арселор Миттал Теміртау» басшылығына ескерту жасады

2022 жылдың басынан бері өндірісте 13 авария мен 103 оқиға тіркелген.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ерекше бақылауына алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Юрий Ильин Арселор Миттал Теміртау басшылығын Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне шақырып, өндірістегі қауіпсіздік, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Арселор Миттал Теміртау басшылығы өндірістің барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Юрий Ильин Өнекәсіптік қауіпсіздік департаментіне бизнес қауымдастыққа авариялар мен оқыс оқиғалардың санын азайту үшін қажетті әдістемелік көмек көрсетуді тапсырды.

Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда, заң аясында қатаң шаралар қабылданатынын, тіпті өндірістің жұмысы тоқтатылатын ескертті.

Себебі 2022 жылдың басынан бері өндірісте 13 авария мен 103 оқиға тіркелген.

"Төтенше жағдайлар министрлігі қызметінің маңызды құрамдас бөлігі министрлік пен қоғамның өзара тиімді әрекеттесуіне мүмкіндік беретін халықпен кері байланыс орнату. Біз азаматтар жазған өтініштерді қарап, қажет шараларды қабылдаймыз", — деді Юрий Ильин.

Сонымен қатар, сапар барысында Юрий Ильин «КӘАҚҚ» ЖШС Республикалық орталық штабында болды, онда Республикалық орталық штабының және «АМТ» АҚ көмір департаментінің басшылығымен бірге тау-кен құтқарушыларын әлеуметтік қолдау және авариялық-құтқару қызметтерініңі заманауи құралдармен, құрал-жабдықтармен және техникамен жарақтандыру жұмыстарымен танысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары