Ақтауда 49 жастағы әйел күндіз елдің көзінше жағажайда дәрет сындырған. Полицейлер оған айыппұл салды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасы.
Әйелдің бұл әрекеті куәгерлердің бейнекамерасына түсіп қалған. Видеоны полиция да желіде жариялады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға 27 шілде күні Ақтау қаласындағы 4А ықшам ауданында орналасқан жағажайда болған. Тәртіп бұзушы анықталды - ол 49 жастағы әйел болып шықты.
"Әйел 27 шілде күні сағат 19:00 шамасында 4А шағын ауданында орналасқан жағажайда рұқсат етілмеген жерде дәрет сындырған. Полиция қызметкерлері азаматшаның жеке басын анықтап, ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - делінген ресми хабарламада.
Lada.kz басылымының мәліметінше, тәртіп бұзушыға 10 АЕК (31 800 теңге) көлемінде айыппұл салынған.