$ 448.15  483.46  4.86

Ұлттық ұлан тағы бір әскеридің өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді

Ведомство ақпаратына сәйкес, арнайы комендатураның қарауыл бастығы Абылай Серікұлы Мерғалиев 1990 жылы туған.

Ақтаудағы 3502 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өз үйінде асылып қалды. Бұл туралы Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 шілде күні сағат 05:15-те әскери бөлімге келісімшарт бойынша әскери қызметші, аға сержант А.С.Мерғалиевтің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Мән-жайды нақтылау кезінде әйелінің түнгі сағат 03:30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасында асылып тұрған күйінде тауып алғаны белгілі болды», - деп хабарлады «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Ведомство ақпаратына сәйкес, арнайы комендатураның қарауыл бастығы Абылай Серікұлы Мерғалиев 1990 жылы туған. Үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бері қызмет еткен. Қазір аталған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған. Бұған дейін Степногор қаласындағы 3517 әскери бөлімінде мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгердің асылып қалғанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары