31.07.2022, 02:03

Маймыл шешегінен алғашқы кісі өлімі тіркелді

Фото: ашық дереккөз
Бұл оқиға Италияның Валенсия аймағында тіркелген.

Еуропада маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі Испанияда тіркелді, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы El Mundo басылымына сілтеме жасап.

Бұл оқиға Валенсия аймағында тіркелген. Адам өлімінің нақты себептері әлі нақтыланбағаны атап өтілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге шешекпен байланысты энцефалит себеп болған.

 Бұған дейін Бразилия маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі дерегі тіркелгенін растады. 41 жастағы марқұмның иммунитетінде күрделі проблемалар болғаны айтылған.