01.08.2022, 20:11

Парамен ұсталған Бақытгүл Хаменованың соты қашан өтетіні анықталды

Фото: ашық дереккөз
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамыз күні ашық өтетінін мәлімдеді.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамыз күні ашық өтетінін мәлімдеді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында сағат 9.00-де басталады.

Айта кетелік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевті 4,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстаған болатын.