$ 494.87  520.65  4.91

Шыңжаңдағы қазақ қызы 6 мың шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті

Қандасымыз биыл осы қалада жоғарғы оқу орнын бітірген. Оның айтуынша, бұл сапарын жастық шағының бір белгісі ретінде қалдырығысы келген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қытайдағы қандасымыз 22 жастағы Кәусар Қизатқызы 6 мың шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті,  деп хабарлайды LIFE09. Ол 15 мамыр күні Қытайдың Шыңжан қаласынан туған жері ШҰАР-ды бетке алып жолға шыққан болатын. 28 шілде күні Үрімжі қаласына жетті. Жол ұзақтығы 6 мың шақырымды құрайды.

Қандасымыз биыл осы қалада жоғарғы оқу орнын бітірген. Оның айтуынша, бұл сапарын жастық шағының бір белгісі ретінде қалдырығысы келген.

«Шыңжаннан Үрімжіге ұшақпен де, пойызбен де қайтудың мүмкіндігі бар еді. Алайда, осындай денсаулығым жақсы, өзіме тәуелді уақытым бар кезінде, көп нәрсеге бас ауыртпайтын алаңсыз жастық шағымда есте қаларлықтай бір ерлік жасағым келді», – дейді Кәусар Қизатқызы.

Сонымен бірге ол өзінің жолдағы қиындықтарымен де бөлісті.

«Жолдағы мен үшін ең қиын болған жер Шиңлиң тауынан асу болды. 7 сағат бойы иен тау жолында жүрдім, күн жаңбырлы, таудың үсті торлаған тұман, жалғыз өзіме ерекше қорқынышты болды. Алайда, «Кәусар, қаншама жолды басып өттің, бұған да төзуің керек, аспайтын асу жоқ, шықпайтын шың жоқ», деп өзіме медеу беріп, одан да асып өттім. Осы екі жарым айға жуық жолдағы жалғыз сапарым мен үшін өмір бойы есте қаларлықтай болды. Осы орайда, қазірігі жастарға айтарым, жалындаған жастық шақтарыңда ойға алған армандарыңды жасауға құлшыныңыздар, өмірлеріңізге өкініш қалдырмаңыздар!» – дейді қазақ қызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары