$ 494.87  520.65  4.91

Жанармай талондарын арзан бағамен сатқан лауазымды тұлға алты жылға сотталды

«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанайда жанар-жағармай талондарын заңсыз сату фактісін анықтады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген. Бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн теңге материалдық залал келтірген. 

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары