$ 494.87  520.65  4.91

«40-тан асқанда өзіңді басқаша сезінесің» – Геннадий Головкин

Қазақстандық боксшы соңғы төрт жылда өмірінде көп өзгеріс болғанын айтады.

Орта салмақтағы біріккен әлем чемпионы Геннадий Головкин Las Vegas Review Journal-ға Сауль «Канело» Альвареспен рингте алғаш кездескеннен кейінгі төрт жыл ішінде қандай өзгеріс болғаны туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Боксшылар 17 қыркүйекте Лас-Вегаста үшінші рет жекпе-жекке шығады. Бұл жолы Альварес екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын бәске тігеді.

«40-тан асқанда өзіңді басқаша сезінесің және 35 жаспен салыстырғанда басқаша көрінесің. Менің жаңа жаттықтырушым бар. Біздің жаттығу процесіміз де басқаша. Соңғы төрт жыл оңай болмады. Төрт жыл — бұл төрт спорт маусымы. Кез келген командалық спорт түрін алыңызшы — футбол немесе баскетбол — соңғы төрт маусымда не өзгергенін қараңыз. Әсіресе мансабым аяқталатын кезеңде нақты бірдеңе айту қиын. Көп нәрсе айта беруге болады. Содан бері өзімде көп өзгеріс болды», - деді қазақстандық боксшы тілшіге берген сұхбатында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары