$ 494.87  520.65  4.91

Қымбатшылық салдарынан «Дипломмен ауылға» жобасы толық орындалмай қалды

Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тұрғын үй құрылысы саласындағы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бюджетен несие беру жөніндегі кейбір көрсеткіштердің орындалмағанын, жобалардың және жобалау-сметалық құжаттаманы түзетудің қымбаттағанын атап өтемін», - деді Смайылов үкімет отырысында.

Ол жыл соңына дейін көп уақыт қалған жоқ, сондықтан осы жұмысты жандандыру қажеттігін ескертті.

«Жобалардың іске асырылуы әкімдер мен жауапты орталық мемлекеттік органдар басшыларының ерекше бақылауда болуы тиіс. Мынадай тапсырма беремін. Біріншіден, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ұлттық жобаның көрсеткіштері мен іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. Екіншіден, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, 1-ші қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлесін», - деді ол.

Үшіншіден, облыстардың әкімдіктері Ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес, қоныс аударушыларды қабылдауды, орналастыруды және қолдауды қамтамасыз етуді жүктеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары