$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда демалуға келгендер пышақ ала жүгіріп, төбелес шығарды

Олардың біреуі қолына пышақ ұстап алған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтауда демалыс орнына келген демалушылар мен ондағы күзетші сөзге келіп, соңы жаға жыртысуға дейін жетті. Оқиға қаладағы демалыс орны маңындағы жол бойында 31 тамыз күні орын алған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жол бойында белгісіз ер кісілердің жанжалдасып, төбелескен сәтінің видеосы шықты. Олардың біреуі қолына пышақ ұстап алған. Төбелескендерді әйел адамы ажыратпақ болғанда, оны еркектердің бірі қолымен итеріп жібереді. Салдарынан әйел жерге құлап түседі.

Полицейлер аталған оқиғаға қатысты іс қозғады.

«Полиция қызметкерлері 42 және 34 жастағы күдіктілерді анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылған» деп пікір білдірді Маңғыстау облыстық Полиция департаментіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары