$ 498.34  519.72  4.85

Оралда ойын алаңында тағы бір бала саусағын кесіп алды

Қауіпті әткеншек әлі орнында тұр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Оралда тағы бір бала ойын алаңына саусағын жарақаттады. 13 жастағы Диас Қайырғожин Қонаев ықшам ауданындағы No18 үйдің балалар алаңында төртінші саусағын жарақаттап, ең кішкентай саусағындағы буынын кесіп алған, деп хабарлайды "Мой город” порталы.

Диастың атасы Әділбек Құрманиязовтің айтуынша, 25 шілдеде түскі уақытта оның немересі балалар алаңына ойнауға кеткен. Он минуттан кейін ол жарақат алып үйіне келген. Туыстары жедел жәрдем шақырғанымен, отбасы оны күтпестен баланы таксимен ауруханаға апарған.

“Біз жақын маңдағы қалалық ауруханаға келдік, олар таңғыш салып, кейін бізді көп бейінді балалар ауруханасына жіберді. Олар сол жерде жараны емдеп, етке ілінген саусаққа тігіп қажеттінің бәрін жасады. Бұл бала үшін шок. Басында ешқайда бармадық. Алайда күнде көріп жүрмін, қауіпті әткеншек әлі орнында тұр. Басқа балалар оған мінуді жалғастыруда. Әр балаға қауіпті екенін түсіндіре алмайсың. Бұл біздің қалада болып жатқан бірінші жағдай емес. Алдында тағы бір бала осындай ойын алаңында екі саусағының буынын кесіп алды. Бірақ одан кейін ешқандай шара қолданып жатқан жоқ ”,- деді атасы.

Үлкендердің айтуынша қазір бала жеке емханаларға барып жүр. Себебі олар Ақжайық ауданының ауылында тұрады және Оралға туыстарын көру үшін келген. Дәрігерлер саусақты емдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қазір дәрігерлер жағдай күрделі болғандықтан ешқандай болжам айтпай отыр.

Баланың анасы Альбина ұлының есеңгіреп қалғанын айтады.

“Ол өте батыл, спортпен шұғылданады. Күрестен де біраз жетістіктері бар. Диастың әпкесі полицияға да жүгінді. Бұл ойын әткеншектері иесіз емес шығар. Балалар жарақат алғандықтан, мұндай әткеншекті алып тастауды сұраймыз, - дейді баланың анасы.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының травматолог дәрігерінің қорытындысына сәйкес, бала оң қолының бесінші саусағының көгерген-кесілген жарақатын алған.

Еске салсақ бұған дейін Оралда үйінің ауласындағы ойын алаңында ойнап жүрген 13 жастағы бала екі саусағынан айырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары