$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам сотталды

Барлығы ұйқыға кеткенде ол досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала бірден айғайға басқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған 37 жастағы ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, М. есімді азамат туыстарымен ұрсысып, досының үйіне түнеуге келген. Барлығы ұйқыға кеткенде ол досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала бірден айғайға басқан. Оған әкесі мен ағасы көмекке жетті. Олар полиция шақырып, күдіктіні қылмыс орнында жедел ұстауға мүмкіндік берді.

"Кейін ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Жасалған құқық бұзушылықтың барлық мән-жайларын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жүргізілді, оның қорытындысы жәбірленушінің, куәлардың және күдікті М.есімді азаматтың мойындауымен бірге, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлауға оқталу) бойынша қылмыс жасады деген айып тағуға мүмкіндік берді", ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Алатау аудандық ПБ-ның тергеушісі жинаған дәлелдемелері сотпен шешім қабылдау үшін жеткілікті деп танылды. Алатау аудандық сотының үкімі – кінәлі М.есімді азаматқа 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары