Алматыға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебреисус келді. Оның белгілі ақын Жүрсін Ерманның туған құдасы екені мәлім, деп жазады Экспресс К.
Құдалардың дастархан басында бас қосқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман мен ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебреисустың отырғанын көруге болады.
Шет елден келген қонаққа үй иелері астаумен ет тартып жатыр. Мерекелік кеште Жүрсін Ерманның шетелдік күйеу баласы да жүр.