$ 494.87  520.65  4.91

АЭС: Еліміз АҚШ-тың технологиясынан бас тартты

«Біз олармен мүлде ара қатынасымызды үзбейміз, тек басқа жобалар шеңберінде жұмыс істейтін шығармыз», - деді Болат Ақшолақов.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрі Болат Ақшолоақовтың АЭС салуда бес елдің технологияларының жақсы және жаман жақтары қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

«Әзірге бір нәрсені айта аламыз. АҚШ ұсынған технологияны бұдан әрі қарастырмауға шешім қабылдадық. Себебі онда референтті блок жоқ. Демек, бұл технология бойынша салынған және өзінің сенімділігі мен тұрақтылығын көрсететін станция жоқ. Дегенмен бұл технологияның өзіндік артықшылықтары бар. Біз олармен мүлде ара қатынасымызды үзбейміз, тек басқа жобалар шеңберінде жұмыс істейтін шығармыз», - деді Болат Ақшолақов.

Оның айтынша, қазір лайықты технология таңдау процесі жүріп жатыр. 

«Қазіргі кезде қандай да бір технологияны таңдап алған жоқпыз. Өткен жылы Түркия, Франция, Оңтүстік Кореяға барып көрдік, Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарладық. Жоспарда венгер нысандары бар. Барлық станса әртүрлі технологиямен салынған. Түркияда - ресейлік "Росатом" технологиясы», - деді министр.

Оның атап өтуінше, аталған елдердегі технологиялардың барлық оң және теріс жақтарын саралау қажет.

«Бірнеше нұсқа бар. Не мемлекет өзі салады не болмаса технология лицензиарына салу мүмкіндігі беріледі. Қауіпсіздік, сесмикалық зерттеу әлі жүргізіліп жатыр. Дегенмен, шамамен құрылыс алаңын айқындап қойдық, ол - Үлкен елді мекені» - деді Болат Ақшолақов.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары