Полиция "Қызыл кітапқа" енген өсімдікті жұлды деген күдікпен түркістандық тұрғын ұсталды. Ол жұлған өсімдік "алтын тамыр" болуы мүмкін, деп хабарлайды Alataunews.kz.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 399 бап 1-тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр. Үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 800 сағаттық қара жұмысқа жегілу жазасы тағайындалады. Сондай-ақ, жеке мүлкі тәркіленіп, үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Күдіктінің айтуынша, бұл шөпті ол емдік мақсатқа пайдалану үшін алған. Қазіргі күні арнайы сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.