$ 445.66  474.58  4.78

Қызын құтқарып қалған: Батыс Қазақстанда екі адам суға батып кетті

Ол өз қызын құтқарып қалған, бірақ 7 жастағы баланы тартып алуға тырысқанда, ағынға төтеп бере алмай, екеуі де батып кеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында ер адам мен туысы суға батып кетті, - деп хабарлайды  "Мой ГОРОД" басылымы.

2 тамызда үлкендер мен балалар Теректі ауданы Ақжайық ауылындағы Жайық өзені маңында демалған. Сағат 16:00 шамасында демалушылар ұл мен қыздың батып бара жатқанын байқаған. 35 жастағы ер адам көмекке асыққан. Ол өз қызын құтқарып қалған, бірақ 7 жастағы баланы тартып алуға тырысқанда, ағынға төтеп бере алмай, екеуі де батып кеткен.

Ер адамның денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан, ал құтқарушылар әлі күнге дейін баланы іздеп жатыр.

"Оқиға орнында ТЖД сегіз қызметкері және екі техника жұмыс істеп жатыр. Бұл аймақ шомылуға жабдықталмаған, орташа тереңдігі - 10 метр, ені - 50 метр, су ағымы секундына бір метрден асады, судың шамамен температурасы - 15-17 градус", - деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#суға бату #БҚО