Шымкенттің 24 жастағы тұрғыны алып қашу құрбаны болған. Бұл туралы "НемолчиKZ" қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл дегеніміз сұмдық қылмыс қой! Ойлап қараңызшы, сіз қызыңызды өсіресіз, оған бар жақсыны үйіп-төгесіз. Ол білім алады, алдына қойған мақсаттары мен жоспарлары болады. Бірақ бір күні қызыңызды бір еркек өзінің қажеттеліктерін өтеу үшін ұрлап әкетеді. Оның телефонын тартып алып, жақындарына қоңырау шалуға тыйым салады. Қыз өзіне тиіспеуін сұрап жалынады, көмек сұрайды. Қашып бара жаттқан жерінен ұстап алып, үйіне әкеледі. Түні бойы үш рет зорлап, оны кемсітіп, абыройын аяққа таптайды”, – деп жазды Дина Смаилова.
"Не молчи KZ" қозғалысы жетекшісінің айтуынша, оған ұрланған қыздың анасы көмек сұрап жүгінген. Әйел Дина Смаилованың жазбаша өтініші де әлеуметтік желіге жариялады.
"28 мамырда қызымды ер адам алып қашып кеткен. Қызымның жасы – 24-те, оның жасы қырыққа таяп қалған болу керек. Ешкімге қоңырау шалмасын деп телефонын тартып алған. Біз қызымызды жылап жүріп, жер-көктен іздедік. Жақсылықтан үміттендік. Бірақ ол үйге оралмады. Белгісіз ауылға апарып, сол жерде екі күн бойы ұстаған. Қызымызды ұрлаған адамның бұрын үйленгені белгілі болды”, – деп жазған қыздың анасы.
Әйелдің айтуынша, сол күні қызы тренингке кеткен. Үйге келетін уақыты болғаннан кейін, оған ата-анасы хабарласуға тырысқан. Түн ортасына дейін қоңырау шалып, ала алмаған. Ару үйіне қайтып оралғанында әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездескенін айтқан. Олар біраз уақыт хат алмасқан, екі үш рет жолыққан. Бірақ соңғы кездесудің соңы қызды алып қашумен аяқталыпты.
“Қызым өзін жайына қалдыруды сұраған. Болмаған соң, ақыры қашып кеткен. Такси тоқтатпақ болған, алайда бірде-бір көлік тоқтамай қойыпты. Кафенің маңындағы даяршылар да, басқа өтіп жатқан адамдар да, байқұс қызыма көмектеспеген. Алып қашқан ер адам досына айқайлап, оны ұстауын сұраған. Ол оны ұстап алып, мал секілді машинаға басып, алыс ауылға қайта апарған”, – дейді болған жағдайды баяндаған арудың анасы.
Анасының айтуынша, қызын Бәйдібек ауданының Шақпақ ауылына алып кеткен. Ер адам бұрын үйленген, бірақ 12 жыл үйленгеннен кейін ажырасқан, өйткені орталарында балалары болмапты.
"Қызымды мәжбүрлеп төсекке сүйреп апарған, оны тұншықтырған. Басын қабырғаға соғып, бір рет емес үш рет зорлаған. Бірақ төсеніш таза болғаннан кейін “пәк қыз емессің” деп айыптаған. Осыдан кейін оны қуып шығып, жақындарына “кете берсін, мен ешнәрседен қорықпаймын, ол мені ешкім отырғыза алмайды. Өзі кінәлі, мен кінәлі емеспін” деп айтқан", — деп түсіндірді жүрегі ауырған ана.
Бірақ бұған дейін оның туыстары алып қашып кеткен қыздың ата-анасына барып үлгерген.
“Олар қалыңмал алып келді. Бірақ біз оны қарамадық та, қолымызбен ұстамадық та. Біз келген адамдарға ұрыстық, күйеуім ашуланды. Табалдырыққа екі пакет мата мен қалыңмалға әкелген 1,5 миллион теңгесін тастап кетті. Бірақ одан кейін алып қашқан ер адам қызымызды алып кетуімізді сұрады. Қызымның өмірін құртты, бірақ оған бәрібір. Біз полицияға арыз жаздық. Алайда бәрі құрдымға кетті, істі жауып тастады. Барлық жерге, полицияға да, прокуратураға барсақ та істі қараудан бас тартады. Қызым жиі жылап қалады, өмір сұргім келмейді деп айтады. Тіпті, өзіне қол жұмсамақ та болды”, – дейді қыздың анасы.
Арудың ата-анасы қыздарын алып қашып кетіп, зорлаған адамның әлі күнге дейін бостандықта жүргеніне таңғалады.
"Неліктен бұл адам біздің қызымызды ұрлап кетіп, оны екі күн ұстады? Ол қалаған жерге апаратын зат немесе чемодан емес! Қызыма ойына келгенін жасап, артынан алып кетіңдер деді. Не себепті ол жазаланбайды? Неге әлі бостандықта жүр?”, – дейді ашынған қыздың туыстары.
“Жәбірленушінің ата-анасы қыздарын алып кету үшін келгенде, оны қараңғы бөлмеге қамап қойғандарын көрген. Ал анау еркек сымақ келісім іске аспай қалған соң қараңғыда ақшасын түгендеп үлгерген. Ол қызды алып қашып кеткені үшін, оны үш рет зорлағаны үшін өзін кінәлі сезініп тұрған жоқ. Қыздың өмірін құрттым деп ойланбайды да. Қыздың ата-анасы арыз тастағанымен, іс қозғалмай отыр. Тергеуші жәбірленушінің сараптамаға деп алған іш киімін әлі күнге дейін шкафына сақтап отыр. Неліктен тергеуші сарапшы мен судьяның функцияларын өз мойнына алып отыр? Ал "күйеу жігітті" қауіпті деп санаймын, ол бұл әрекетін бірінші рет жасамауы мүмкін, бұдан бұрын да зардап шеккендер бар", – деп жазды Дина Таңсәрі.
Осы оқиғаға байланысты Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
"2 маусым күні Шымкент полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция бөіліміне жергілікті тұрғын өзін үйлену мақсатында танысы алып қашып кеткені туралы арыз жазды. Факт ҚР ҚК 126-бабы "бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Жәбірленушінің өзі және қылмыстық процестің басқа да қатысушыларының айғақтарына сәйкес, азаматты бас бостандығынан заңсыз айыру туралы дәлелдемелер расталмады", — деп хабарлады ведомстводан.
Полиция қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚІЖК 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағының талаптарына сәйкес қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылғанын мәлімдеді. Қабылданған шешіммен аудандық прокуратура да келіскен.