05.08.2022, 10:40

Діни топтар Лондондағы Әзербайжан елшілігіне басып кірді

Іске жергілікті полиция араласқаннан кейін заңбұзушылар ұсталды. Елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Лондондағы Әзірбайжан елшілігін діни белсенділер басып алды. Бұл ақпаратты Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2022 жылдың 4 тамызында Әзербайдан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы елшілігіне діни радикалды топтар шабуыл жасады. Елшіліктің ғимаратына шығып алған радикалдар діни туларын көтеріп шығып, діни ұрандармен айғайлаған», - деп хабарлайды Әзербайжан СІМ.

Іске жергілікті полиция араласқаннан кейін заңбұзушылар ұсталды. Елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Әзербайжан елшілігіне шабуылды шейіт экстремистік ұйымы саналатын «Мажди қызметшілер одағы» мойнына алған.