Жаңалықтар 05.08.2022 сағат 11:20

Головкин «мексикалық стилі» мен танымалдылығының құпиясымен бөлісті

«Мексикалық стиль» ұғымын GGG командасы бұрынғы тәлімгер – Мексиканың Тихуана қаласының тумасы Абель Санчеспен бірге болған кезде көбірек насихаттады.
Головкин «мексикалық стилі» мен танымалдылығының құпиясымен бөлісті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Compas On The Beat басылымына берген сұхбатында мексикалық жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне қалай ие болғанын және өзінің бокс стилін неліктен «мексикалық» деп атай бастағанын айтып берді. 

«Мексикалық стиль» ұғымын GGG командасы бұрынғы тәлімгер – Мексиканың Тихуана қаласының тумасы Абель Санчеспен бірге болған кезде көбірек насихаттады. 2019 жылдан бері Геннадийді Джонатон Бэнкс жаттықтырады.

– Жұртшылық сізді «мексикалық стиліңіз» үшін жақсы көреді. Лос-Анджелесте тұратын мексикалықтардың арасында жанкүйерлеріңіз көп. Неліктен мексикалық стильді таңдадыңыз, бұл қалай болды?

– Менің «мексикалық стилім» соншалықты мексикалық емес. «Мексикалық стиль» меніңше ішкі жан-дүние, стиль, өмір салтын көрсету. Сенің қаншалықты шыншыл, қаншалықты ашық екеніңді таныту. Адамдар осыны ұнатады. Бұдан жалғандық көрмейді. Өздеріне ортақ нәрселерді табады. Айталық – ашықтық. Менің жанкүйерлерім сондықтан көп. Оларды өте жақсы көремін және алғысым шексіз. Олармен байланысты сезінемін, себебі біз бірдей ойлаймыз, кім екенімізді танытамыз. Мұның бәрін «мексикалық стиль» деп атауға болады. Олардың мені түсінгеніне, ұнатқанына ризамын. Бұл тамаша ғой.

Дереккөз: sports.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар