06.08.2022, 05:00

Маңғыстау облысында өртеніп кеткен екі көлікте де адам лық толы болған

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді.

Жетібай – Шетпе тас жолының 96 шақырымында УАЗ бен Toyota Prado көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шетпе ауылына қарай бет алған УАЗ маркалы көліктің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Prado маркалы көлігімен соқтығысқан, салдарынан екі көлік те отқа оранған.

"Жол апаты салдарынан оқиға орнында УАЗ көлігінің жүргізушісі қаза тапты, тағы бес адам зардап шекті. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді.