$ 448.15  483.46  4.86

«Менімен жұдырықтасып ақша таба алмайды»: Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Мен оларды түсінемін! Олар ақшаны ойламайды, тек өмір сүргісі келеді!
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақтағы әлем чемпиондарының өзімен неге жұдырықтасуды қаламайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат боксшының твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Барлығы чемпиондар менімен жұдырықтасып ақша таба алмайды дейді. Бұл – қате. Ақшадан ғана емес, денсаулығынан, есімінен, тіпті өмірінен де айырылады! Мен оларды түсінемін! Олар ақшаны ойламайды, тек өмір сүргісі келеді! Жақында... және жаңасы!», - деп жазды Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, қазір Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы. WBO белдігінің толыққанды иегері – Деметриус Андраде (31-0, 19 КО). Сондай-ақ 160 фунт салмақта үш белдік (WBA Super, IBF және IBO) иесі Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) болса, WBC белдігі Джермалл Чарлоға (32-0, 22 КО) тиесілі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары