$ 494.87  520.65  4.91

«Кішісі 2020 жылы туған». Алматыда әйел мен екі баласы өлі табылды

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Алматыдағы пәтерлердің бірінен үш адам өлі табылды, - деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Алматы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 тамызда Жедел басқару орталығына "Мамыр" шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Материал жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында жедел тергеу тобы шықты. Оқиға орнына барған полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Арыстанғани Заппаров тергеуді жеке бақылауына алды", - деді полициядағылар.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары