8 тамызда еліміздің бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Қазгидромет” мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
Ақмола облысының шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Павлодар облысыңда түнде облыстың батысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Нұр-Сұлтан қаласында жауын жауып, күн күркірейді.