Жаңалықтар 08.08.2022 сағат 18:00

UFC Шавкат Рахманов туралы деректі фильм түсіреді

UFC түсірілім бригадасының Алматыда жүргеніне екі күн болған.
UFC Шавкат Рахманов туралы деректі фильм түсіреді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

UFC промоушенінің өкілдері танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіру үшін Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды Sports.ru. 

UFC түсірілім бригадасының Алматыда жүргеніне екі күн болған. Олар UFC Connected шоуы аясында Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіріп жатыр.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC лигасында Қазақстанның атынан ең бірінші өнер көрсеткен спортшы. Сюжет отандасымыздың келесі жекпе-жегінің алдында көрсетіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік. Ол тәжірибелі Нил Мэгниді ұтты. Жекпе-жектің бірінші раундында Шавкат айқын басым болды.

Партерде қарсыласын тырп еткізбей ұстап, алғашқы үш минутты өз еншісіне жазды.  Екінші раунд аяқталар сәтте 27 жастағы қазақстандық файтер Нилды қылқындырып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар