$ 494.87  520.65  4.91

Әнші Марат Омаров тоқалдан туған қызын құтты орнына қондырды

Қызының қуанышында бой көрсетпеген композитор жас жұбайларды видео арқылы құттықтапты.

Күні кеше Марат Омаровтың қызы ақ босаға аттап, жігіт жақта дүбірлі той өтті. Ақ келін атанған ару сазгердің екінші некесінен туған перзенті, деп хабарлайды Экспресс К

Мараттың екінші әйелінен туған қызының есімі Зульфия Омарова. Ол да өнерден алшақ емес. Осы уақытқа дейін отандық шоу-бизнесте актриса ретінде көзге түсіп, көптеген телехикаяларда бой көрсеткен еді. Екі анадан туса да, бір әкенің балалары жақсы қарым-қатынаста екен. Сіңлісін тұрмысқа берген Зарина Омарова тойдағы қызықты сәттерді желіге жүктеп, екі жасты заңды некесімен құттықтады.

"Өмірлерің ертегідей болсын. Тағы бір сіңлімді тұрмысқа бердім. Енді ең кішкентай сіңлім қалды, — деп жазды Зарина Омарова.

Бірақ дүркіреп өткен тойға Марат Омаровтың өзі келмеген. Ол дәл қазіргі таңда үшінші әйелімен АҚШ-тың Калифорния штатында тұрып жатыр. Қызының қуанышында бой көрсетпеген композитор жас жұбайларды видео арқылы құттықтапты.

"Қызым Зульфия, күйеу балам Рауан, жасап жатқан тойларың құтты болсын. Шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын. Мен ойлаймын, өмірде жастар үшін ең маңызды — дұрыс шешім қабылдау. Отбасы — ең маңызды нәрсе. Дұрыс істеп жатырсыңдар. Бұл тойларың ұзағынан болып, әр күні бір-біріңе ғашық болып, жолдарың әрдайым ашық болсын", — деп Марат Омаров Америкадан бейнеқұттықтау жолдаған.

Айта кетейік, Марат Омаров үш рет үйленген. Алғашқы некесінен Зарина, Мәдина, Азамат атты үш баласы бар, ал екінші әйелінен Зульфия, үшінші жұбайынан Бибімәриям есімді қызы өсіп келеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары