09.08.2022, 10:20

Ресейліктердің Украинаға кіруіне 50 жылға тыйым салынуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз
Петиция 23 мамырда Украина президентінің кеңсесінің сайтында тіркелді.

Ресейліктердің Украинаға аумағына кіруіне 50 жылға тыйым салу туралы петиция жарияланып, оған 25 мыңнан астам адам қол қойды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Украина 8 жылдан бері Ресейдің біздің ел аумағында бастаған соғыстан зардап шегіп келеді. Өкінішке орай, осы 8 жыл ішінде билік Украинаны Ресеймен арадағы визасыз режимнің кесірінен осы уақытқа дейін елімізге ағылған диверсанттардан, агенттерден қорғай алмады. Нәтижесінде біз мыңдаған адамның тағдырымен төледік. Қауіпсіздік мақсатында біз барлық ресейліктердің Украинаға кіруін келесі 50 жылға тыйым салып, Ресей-Украина соғысында Украина жағында соғысқандардан басқа ресейліктерге Украинада тұруға рұқсат бермеуді ұсынамыз", – деп жазылған петиция мәтінінде.

Петиция 23 мамырда Украина президентінің кеңсесінің сайтында тіркелді. Енді оған Украина президенті Владимир Зеленский жауап беруі керек.