27 шілде күні Байзақ ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен екі адамның кәмелетке толмаған қызын азғырғаны туралы шағым түскен.
Аймақтық полиция департаментінің дерегінше, жедел-іздестіру жұмыстары кезінде сол ауданның екі тұрғыны анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
“Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, - делінген ақпаратта.
Кейбір ақпарат көздерінде күдікке ілініп жатқандардың екеуі де дәрігер екені айтылады.