$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордадағы жол бойында көлік түгі қалмай өртеніп кетті

Автокөлікке газ орнатылғаны анықталды. Өрт сөндіру автокөлігі жеткенше көлікте орнатылған газ баллоны атылған.

Қызылорда облысында үлкен жолдың бойында жеңіл көлік толығымен өртеніп, онда орнатылған газ баллоны атылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 8 тамызда сағат 15.40-та «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тасжолының Аққұм ауылының тұсында болған. Сол уақытта төтенше жағдайлар департаментіне «Волга» көлігі жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

«Оқиға орнына №11 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника мен 5 қызметкер барды. Жол бойында 2004 жылы шығарылған жеңіл көліктің толығымен жанып кеткені аңғарылды. Автокөлікке газ орнатылғаны анықталды. Өрт сөндіру автокөлігі жеткенше көлікте орнатылған газ баллоны атылған. Оқыс оқиғадан қайтыс болғандар және зардап шеккендер жоқ», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста автокөліктерде 61 өрт тіркелген. Оның 25-і Қызылорда қаласында тіркелсе, қалғаны аудандарда болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары