$ 494.87  520.65  4.91

Бес жасар қызды іздеу жұмысына нейропсихолог қосылды

Жедел штаб баланы кезіктіріп не болмаса, оны тапқандарға қалай әрекет ету қажеттігі жайында нұсқаулық әзірледі.

Жедел штабтың жұмысына нейропсихолог Екатерина Руфф та тартылды. Ол дамуында ерекшеліктер бар балалармен жұмыс істейді. Маман жоғалған қызды кезіктіріп қалған жағдайда адамның өзін қалай ұстауы бойынша ұсыныстарымен бөлісті, деп хабарлады zakon.kz.

Жедел штабтағылар атап өткендей, бұл ұсыныстар Жамбыл ауылында жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылған немесе енді қатысуды жоспарлап отырғандардың барлығына бағытталады.

«Мұндай балаларда стереотиптен тыс мінез-құлық болады, мысалы қатты дыбыстардан, әсіресе айқай-шудан, биікке шығудан, жарыққа және басқа да жағымсыз әсерлерге жауап қатудан қорқады», – деді Екатерина Руфф.

«Жедел штаб баланы кезіктіріп не болмаса, оны тапқандарға қалай әрекет ету қажеттігі жайында нұсқаулық әзірледі. Қызды тауып алған жағдайда оның атын атап, шақырмаңыз, эмоцияға да берілмеңіз, тек жайбырақат қасына тыныш келіп, қолынан ұстау керек», – деп жазылған нұсқаулықта.

Сондай-ақ жедел штаб көрсетілетін кез келген көмек тек штабпен үйлестіріліп отыру қажетін айтты.

Айта кетсек, бес жасар қыз 7 тамызда таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында жоғалып кеткен болатын. Балаға 18 және 13 жастағы үлкен әпкелері қарап үйде қалған. Олар таңертең оянғанда сіңлісінің үйде жоқ екенін байқайды. Кейінірек куәгерлер қызды ауладан, одан кейін ауылдан, тағы бір уақытта ауыл сыртынан көргенін айтқан.

8 тамызда кешке полицияға баланы жүгері алқабынан көргендер бары туралы хабарлама келіп түсті. 9 тамызда таңертең полиция жедел штаб нөмірін жариялап, азаматтардан іс-әрекеттерді үйлестіру үшін хабарласып отыруды сұрады.

9 тамызда түстен кейін іздеушілер жоғалған қызға арнап жүгері алқабында шар байлап, сусын мен тамақ қалдырды. Бұл – баланың назарын аударуы мүмкін деген үмітте қабылданған шара.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары