10.08.2022, 15:40

Ұзынағаштағы атыс: күдіктілерге іздеу жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Алматы облысының полициясы осы адамдар туралы ақпараты барларға мына телефондар бойынша хабарлауын сұрайды: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102.

Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге сот санкциясымен іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы Полиция департаменті мына адамдарға іздеу салады:

Қозыбаев Ғани Мұратұлы - 31 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша; Асқар Жәнібекұлы Тыныштықов - 30 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша; Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов - 30 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша; Нұрсұлтан Бахтиярұлы Аукенов - 30 жаста, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша.

Алматы облысының полициясы осы адамдар туралы ақпараты барларға мына телефондар бойынша хабарлауын сұрайды: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102.

Еске салайық, Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 4 тамызда Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған.