$ 444.22  476.38  4.82

Грант 2022: Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

9 тамызда Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады.

2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады.

Тізімді мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Грант 2022