10.08.2022, 16:40

Танкіге Z әрпін жазған Саран қаласының тұрғыны тұтқындалды

29 шілде күні Ворожейкин екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына арналған ескерткіш-танк мұнарасына ақ бояумен Z әрпін жазған.

Қарағанды облысы Саран қаласының қалалық соты танкіге Z әрпін жазған 54 жастағы азамат Ворожейкинді жеті тәулікке қамады

Айта кетелік, 29 шілде күні таңғы 4 шамасында Ворожейкин екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына арналған ескерткіш-танк мұнарасына ақ бояумен Z әрпін жазған.

Латынша Z әрпімен Украинаны басып кірген Ресей әскерилері белгіленген. Z  әрпі бар тұғырлар Украинадағы соғысты қолдау мақсатында Ресейдің бірнеше қаласында қойылған.

Қазақстан билігі Украинадағы соғысқа қатысты бейтарап позиция ұстанған.

Тегтер: Саран қаласы