Елордада қала көшелеріндегі жаңбыр суын сору үшін алпыстан аса техника жұмыс істеуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қала бойынша суды соруға 60-тан астам техника жұмылдырылды. Нөсер кәрізі мен тазарту құрылысын салу және қуатын кеңейту бойынша жұмыстарды қала әкімдігі жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Мысалы, бұрын 146 проблемалық учаске нөсер салу есебінен су басу мәселесі шешілді», - деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше, 130 шақырымнан астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынды.
1 мыңға жуық бақылау, жаңбыр қабылдағыш құдығы, сондай-ақ 20 шақырым коллектор тазартылып, 6,5 мың құбыр буландырылды.
Алматы ауданында (Ш.Қалдаяқов көшесі), жаңа вокзал, Ұлы дала даңғылында және ттағы басқа жерлерде нөсер кәрізінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.