10.08.2022, 22:10

Алматыда автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуылдаған адам екі айға қамауға алынды

Фото: ашық дереккөз
Сот шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қалалық соттың мәліметінше Алматыдағы автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуылдаған ер адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“10 тамызда Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен күдіктіні екі айға дейін қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттар қанағаттандырылды”,- деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімнің заңды күшіне енбегенін атап өтті

Еске салсақ Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйелін өлтірмек болып, пышақпен шабуыл жасаған болатын.